29.09.2026, 20:15
Оқылды: 39

«Тең мүмкіндіктер»: БҚО-да балалардың инклюзивті спорт фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысында «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды «Әділет» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі. 

IMG-20260929-WA0432

Фото: «Әділет» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Спорттық шараға Орал қаласы мен облыстың барлық ауданынан 138 бала қатысты.

Фестивальді «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Жарысқа 9 команда қатысып, оның құрамында ерекше қажеттіліктері бар 56 бала бақ сынады.

IMG-20260929-WA0411

Қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старт эстафетасы бойынша жарысты. Балалар спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, командалық бірлік, достық және өзара қолдау құндылықтарын да көрсетті.

IMG-20260929-WA0410

Фестивальдің ашылу салтанатында «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Бауржан Бектұрған инклюзивті спорттың балалар үшін маңызына тоқталды.

«Спорт – бұл тек жарыс емес. Бұл – рухтың күші, мақсатқа ұмтылу, өзіңді жеңу және жаңа достар табу мүмкіндігі. Инклюзивті спорт әр адамға өз қабілетін көрсетуге, өзіне деген сенімін арттыруға және үлкен команданың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі фестивальдің әрбір қатысушысы – күш-жігердің, табандылықтың және жеңіске деген ұмтылыстың үлгісі. Ал мұндағы ең басты жеңіс – медаль немесе жүлделі орын емес, бір-бірімізді қолдау, жаңа достар табу және өз күшімізге сену мүмкіндігі», – деді Бауржан Бектұрған.

IMG-20260929-WA0414

Іс-шара барысында «Әділет» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының жетекшісі Нұргүл Ашикова да жас қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Фестивальдің негізгі мақсаты – спорт арқылы балаларды біріктіру, әр адамның қабілеті мен мүмкіндігіне құрметпен қарау және қоғамда өзара қолдау мен түсіністік мәдениетін қалыптастыру.

IMG-20260929-WA0419

Фестиваль қатысушыларының бірі — Орал қаласының тұрғыны 10 жастағы Аян Ерғалиев үшін жарыс жаңа достар табуға мүмкіндік берген.

«Бүгінгі фестивальға достарыммен келдім. Өзім спортпен кішкентай кезімнен айналысамын. Футболмен 4 жасымнан бастап айналысамын. Барлығы да көңілді әрі қызықты өтті. Достар тауып та үлгердім. Барлық команда мықты болды», – деді Аян Ерғалиев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтуға, достық қарым-қатынас орнатуға және командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді.

IMG-20260929-WA0428

Фестиваль қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар марапатталды. Облыстық кезеңнің жеңімпазы «Тең мүмкіндіктер» фестивалінің республикалық кезеңіне жолдама алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале