Орал қаласының Зачаганск кентінде Жұмағалиев көшесінде автобус аялдамасының маңында маршруттық автобуста өрт шықты, - деп жазады 112.

Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде автобустың ашық жалынмен жанып жатқаны және өрттің дүкенмен біріктірілген автобус аялдамасының шатырына таралғаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 6 шаршы метрді құрады.
ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.