1.10.2026, 14:45
Оқылды: 13

Кітаппен дос адам - кемел келешектің иесі

Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, танымын тереңдетіп, рухани дүниесін байытатын маңызды құндылық.

image-30-09-26-06-00-1

Шыңғырлау ауданында оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, кітап оқуды насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында ауданымызда өткен «Мен оқыған 30 кітап» облыстық байқауы кітапсүйер жастардың басын қосты. Байқау қорытындысы бойынша 15 қатысушы «Кітап оқу амбассадоры» атанды.

image-30-09-26-06-00-2

Осы игі бастаманың жалғасы ретінде Шыңғырлау ауданының делегациясы Қаратөбе ауданына арнайы барып, кітап оқуды насихаттап жүрген Шырын Нұрлыбекқызына «Қаратөбе ауданының кітап оқу амбассадоры» төсбелгісін табыстады.

Салтанатты шара барысында Шырынның ата-анасына да Шыңғырлау ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.

image-30-09-26-06-00

Кітап оқу – білім мен ізденіске бастайтын жол. Кітаппен дос ұрпақ – кемел келешектің иесі!

 

Светлана Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале