1.10.2026, 16:45
Оқылды: 12

Қазақтың тұңғыш инженер-металлург қызы білім алған мектеп

Бөкей ордасы ауданына – 225 жыл

Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш инженер-металлург Мәдина Бегалиева қоғам қайраткері Алма Оразбаева Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылындағы училищеде сауатын ашқан.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 11.56.16

Айта кетсек, Хан ордасында 1883 жылы қыздарға білім беру үшін училищеге арнайы ғимарат салынды. Алғашқы 22 оқушының жетеуі қазақ қызы болды. 1891 жылы аталмыш ғимаратта өрт болып, кейін ғимарат бұрынғы үлгісімен қайта салынды. Кеңес дәуірінде ғимарат М.Горький атындағы мектептің шеберханасы болды. 2018 жылы республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілді.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 11.56.16 (3)

1997 жылы ғимаратта Орда тарихи музейінің «Халыққа білім беру бөлімі» орналасты. 2002 жылы ол Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің құрамына енді. 2007 жылы ғимарат «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қалпына келтіріліп, мұнда «Бөкей ордасында халыққа білім беру музейі» ашылды. 2019 жылдан музей Хан Ордасы музей-қорығының құрамында. Экспозиция Жәңгір мектебінің ашылуынан бастап өңірдегі білім беру тарихын көрсетеді. Мектептің қызметі, оқытушылары, оқу бағдарламалары, ХХ ғасырдағы тарихы мен белгілі түлектері таныстырылады. «Оқу класы» сол дәуірдегі сабақ ортасын бейнелейді.

 

 Ақпаратты Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінен

алынған дерек бойынша дайындаған Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале