3.10.2026, 12:30
Оқылды: 3

Айбек Оралбай Азия ойындарының алтын медаль иегері атанды

Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды. 

InShot_20261003_001050338

Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың финалында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Айбек 3:2 есебімен басым түсті. Екінші үшминуттықта төрешілердің барлығы жеңісті Айбекке берді. Оған қоса, өзбекстандық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша ұлттық құрама капитаны Қазақстанға екінші алтын медальді сыйлады.

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын алған еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале