12.04.2017, 16:22
Оқылды: 63

«ЭКСПО-2017»-нің маңыздылығын түсіндіруде

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Астана қаласында өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы аудан тұрғындарымен кездесті.


  Топ құрамында БҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Гүлдана Аргенова, БҚО туризм және сыртқы байланыс басқармасының маманы Ерлан Адиев, «Гермес Тур» агенттігінің өкілі  Әйгерім Ізімғали бар. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева ашып, қазіргі таңда ауданда елімізде өткізілетін ең маңызды оқиғалардың бірі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің маңыздылығын түсіндіру  жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Одан әрі Ерлан Мағзұмұлы 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін көрменің жобасымен таныстырса, Гүлдана Мәлікқызы жалпы «ЭКСПО-2017» көрмесінің тарихы мен ел үшін маңыздылығына тоқталды.

   Ал туристік агенттік өкілі Әйгерім Есенжолқызы: - Біздің агенттік екі туристік пакет ұсынады. Олар ересек адамдарға және балаларға арналған. Оның ішінде пойыз билеттері ақысы, қонақ үй, үш мезгіл тамақтану, қала бойынша саяхат және халықаралық көрмені тамашалау кіреді. Барлығы балалар үшін 48 мың теңге, ересектер үшін 54 мың теңгені құрайды, - деді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале