7.10.2026, 18:00
Оқылды: 5

Бітік және Жалпақтал су қоймаларын салу жобалары мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Данияр Халин мен Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Қанат Өтегалиев облыстағы вегетация кезеңінің қорытындысын шығарды, - деп жазады kaz.inform.kz.

eefc20cf-a36a-4b73-8097-d5cd41ce0a14
Фото: kaz.inform.kz

2026 жылғы вегетация кезеңінде филиал су тұтынушылармен 307 келісімшарт жасасты. Оның ішінде 205 келісімшарт бойынша 10,7 мың гектар егістік алқаптарға, лимандар мен жайылымдарға 41,4 млн текше метр су беру көзделген. Ал тірек гидротехникалық құрылыстар арқылы суару үшін 102 келісімшарт жасалды. Бұл ретте берілген су көлемі 10,1 млн текше метр, суарылған жер көлемі 2 092,7 гектар болды.

– Филиал Киров су қоймасын реконструкциялау және Мамаев гидроторабына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жәнібек магистральдық каналын және Жайықбай каналын реконструкциялау жұмыстары басталды. Бітік және Жалпақтал су қоймаларын салу жобалары бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Дөңгелек және Пятимар су қоймаларын реконструкциялау жобалары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, – деді «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Данияр Халин.

Жыл басынан бері облыста жалпы ұзындығы 145 шақырым болатын каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 11 гидротехникалық нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды. «Судың қара нарығына» қарсы күрес аясында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 14 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 2,5 млн теңге айыппұл салынды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, 2026 жылға арналған су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары 100% орындалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазіргі уақытта облыста заманауи суару жүйелері қолданылатын суармалы жерлердің көлемі 12,8 мың гектарды құрайды. Бұл облыстағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 97%-ына тең.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале