Еліміздің білім беру саласында жаңа идеялар мен инновациялық шешімдерді қолдау, педагогикалық үдерістерді жетілдіру мақсатында түрлі бастамалар жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы маңызды байқаулардың бірі – «Педагогикалық идеялар панорамасы».

Байқау мақсаты – пәнаралық негізде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара қарым-қатынасының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын тарату және танымал ету.
Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында 2 қазан күні жыл сайынғы дәстүрлі байқаудың өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Салтанатты кешке институт қызметкерлері мен байқауға қатысушылар, тыңдаушылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңіне жалпы 1359 жұмыс келіп түскен болатын. Байқау барысында қатысушылар өздерінің тың ойларын, тиімді педагогикалық жобаларын – дәріс, сабақ, зертханалық жұмыс, семинар, шеберлік сынып, сандық білім беру ресурсы бойынша ортаға салды.
Сараптамалық комиссия ерте сауаттылық, оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану- ғылыми, сандық, медиа-ақпараттық, қаржылық, экологиялық, денсаулық сақтау, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Нәтижесінде 42 педагог жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде 7 педагог 1- орын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды. Атап айтсақ:
1. Оқу сауаттылығы бойынша: І орын: Бакытжанова Асем Самиголлаевна — №40 ЖОББМ, Орал қаласы. Педагог-шебер. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2. Математикалық сауаттылық бағыты бойынша: І орын: Амангалиева Кымбат Кимеденовна — А. Байтұрсынұлы атындағы МБК, Казталов ауданы. Математика пәнінің мұғалімі. Педагог-зерттеуші.
3. Жаратылыстану-ғылыми сауат-тылық бағыты бойынша: І орын: Гумарова Жазира Армановна — Қайыңды ЖОББМ, Казталов ауданы. Физика пәні мұғалімі. Педагог-модератор.
4. Цифрлық сауаттылық бойынша: І орын: Кажгалиева Гульжанат Тасжановна — Ахмет Байтұрсынұлы атындағы МБК, Казталов ауданы. Педагог-профориентатор.
5.Қаржылық сауаттылық бойынша: І орын: Хамзин Женис Какибаевич — №41 мектеп-лицейі, Орал қаласы. Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер.
1. Экологиялық сауаттылық бойынша: І орын: Султанова Курманай Тлеккабыловна — Сарықұдық негізгі орта мектебі, Казталов ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Педагог-модератор.
Мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша: І орын: Серикова Рада Муратовна — №1 Подстепной ЖОББМ, Теректі ауданы. Физика пәні мұғалімі. Педагог-сарапшы.
Марапаттау салтанатында институт директоры Софья Салахиденқызы сөз алып, орын алған ұстаздарды құттықтады.
Дәстүрлі өткізілетін бұл байқау педагогтердің шығармашылығын ынталандырып, білім беру үдерісіне оң өзгерістер енгізері сөзсіз.

Ең бастысы, бұл байқау – жаңашыл ойлайтын, ізденістен жалықпайтын және шәкіртінің сапалы біліміне жауапкершілікпен қарайтын педагогтердің еңбегін дәріптейтін игі жоба.
Бүгінгі білім беру жүйесіне жаңашылдық пен үздіксіз ізденіс қажет. Ал «Педагогикалық идеялар панорамасы» осы үдерістің маңызды қозғаушы күштерінің бірі ретінде ұстаздарға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, сапалы білім мен озық тәжірибені қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.
Толқын Габдушева,
"Өрлеу" БАҰО" АҚ "БҚО КДИ" филиалы,
ақпараттық -технологиялар және медия қызметі бөлімінің маманы,
"Ustaz" журналының редакторы