8.10.2026, 17:00
Оқылды: 10

Бәйтерек ауданында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Елге қалтқысыз қызмет еткен аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың жүріп өткен жолын, елге сіңірген еңбегін үлгі-өнеге ету - Бәйтерек ауданында дәстүрге айналған іс. Соған сәйкес аудан орталығында еңбек ардагерлеріне арналып дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

image-08-10-26-03-11
-      Сіздер ел іргесінің сөгілмеуін, өскелең ұрпақ жолының ашық болуын тілеп, тұтас қауымды бірлікке үндеп келесіздер. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, содан кейінгі кезеңдерде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қостыңыздар. Осынау істеріңіз ұмытылмайды. Біздер қазір сол еңбектеріңізді жалғастырудамыз. Сіздердің парасат-пайымдарыңыз, тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз баршамызға, соның ішінде жастарға құнды, -деді іс-шараны ашқан аудан әкімі Марат Тоқжанов.

image-08-10-26-03-11-3
Жиналғандардың ішінен алғаш болып сөз алған Көшім ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагер қаламгер Майдан Жұбандықов Бәйтерек экономикасы өрге жылжыған облыстағы іргелі аудан екенін мақтан тұтатынын атап өтті. Көпке қуаныш сыйлап жатқан аудандағы игі істер аға буын өкілдерін қуантатынын да жеткізді.

image-08-10-26-03-11-4
-      Еңбек ардагерлерін ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқаны үшін аудан басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Саналы ғұмырымды мемқызметке арнап, ауданымыздың өркендеуіне азды-көпті үлесімізді қосқанымызды мақтан етеміз. Біраз жылдан бері зейнеткерліктемін. Сол зейнет демалысқа шыққаннан бері көрмеген көптеген әріптестіммен бүгін жүздесіп, бір жасап қалдым,- деді өз сөзінде Переметный ауылының тұрғыны Любовь Шмарина.

image-08-10-26-03-11-12
Бейбітшілік ауылынан келген Қуаныш Сақыпов саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған. Қырық жылдан астам еңбек өтілі бар. Қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр. Оның айтуынша, еңбек еткен адам мұратына жетеді, көпшіліктің қошеметіне бөленеді. Бүгінгі көрсетіліп жатқан құрмет соның бір дәлелі.

image-08-10-26-03-11-13

Іс-шара барысында ауданның түкпір-түкпірінен келген 30-ға жуық аға буын өкілдеріне арнап жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

Қуаныш Қали,
Бәйтерек ауданы

image-08-10-26-03-11-14

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале