«Нұр Отан» партиясы Ақжайық аудандық филиалының ұйымдастыруымен Чапаевтағы бес саябақтың бірі - «Табиғат әлемі» саябағында «Гүлдене бер, туған ел!» атты экологиялық акция өтті.
Шараға қатысушыларды Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Мәлік Мұхтар, филиал қызметкерлері құттықтады.
Тұрғындар, жастар және мектеп оқушылары ақция барысында 100 түп, яғни терек, үйіңкі, шаған секілді ағаш түрлерін егіп, саябақта тазалау жұмыстарын жүргізді.
Алдағы күндерде аудан ауылдарында әдеттегідей тал отырғызу жұмыстары одан әрі жалғасады.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz