15.10.2026, 12:00
Оқылды: 7

Еуропалық Одақ елдерінің өкілдері үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасымен танысты

Астанада өткен Адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобының 28-отырысында «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы таныстырылды. Жиынға Еуропалық Одақ елдерінің Қазақстандағы елшілері мен елшілік өкілдері қатысты.

1d0d96a4a0e12379a3bf277bacf233ed8fff77f98214d5bd596b954fe6a089e8_1280x720

Қатысушылар заң жобасының негізгі ережелерімен танысты. Талқылау барысында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс, мемлекеттік қолдау шаралары, азаматтардың тең құқылы болуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Заң жобасы адам құқықтары, теңдік, әділдік және азаматтық қоғамға құрмет қағидаттары негізінде әзірленді.

Құжаттың мақсаты – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сенім мен жауапкершілікті нығайтып, ашық әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыру.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале