16.10.2026, 9:15
Оқылды: 20

БҚО-ның мұнай-газ саласына қажетті жабдықтар өндіретін кәсіпорындары таныстырылды

Орал қаласында Мұнай-газ машина жасау форумы және Операторлардың ашық есік күні аясында Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарына танысу сапары ұйымдастырылды. Делегация өңірдегі отандық өндіріс орындарының жұмысымен және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.06 (2)

Сапар барысында қатысушылар «УральскАгроРемМаш» АҚ, «West Oil Engineering Company» ЖШС және «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ өндірістік алаңдарын аралады.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.05

Делегацияны Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров бастап барды. Сапарға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы, «PSA» ЖШС уәкілетті органының өкілдері және ірі мұнай-газ операторларының басшылары қатысты. Олардың қатарында «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Уильям Лакоби, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директоры Марко Марсили, NCOC N.V. басқарушы директорының орынбасары Жандос Оразалиев және IMBC бас директоры Дастан Әбішев болды.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.07 (2)

Аталған кәсіпорындар мұнай-газ саласына арналған өлшеу, есепке алу және автоматтандыру жүйелерін, автоцистерналарды, өрт сөндіру техникасын, металл конструкцияларын, сондай-ақ ірі мұнай-газ және энергетикалық жабдықтарды өндіреді. Бұл өнімдер өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және саланың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.07 (3)

Кездесулер барысында зауыттардың технологиялық мүмкіндіктері таныстырылып, өндірістік әлеуетті арттыру және ірі мұнай-газ жобаларының операторларымен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.06

Мұндай кездесулер отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңінен танытуға, мемлекеттік органдар, өндірістік кәсіпорындар мен мұнай-газ операторлары арасындағы әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңір кәсіпорындарының ірі жобаларға қатысуына жол ашады.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.07 (1) WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.07 (4) WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.06 (3) WhatsApp Image 2026-10-16 at 09.38.06 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале