18.10.2026, 15:30
Оқылды: 9

Робот-иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады

Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу үшін төрт робот-ит қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

IMG_20261018_102411_853

Фото: astana_newss

Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіп жүр.

Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей Жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

IMG_20261018_102414_260

Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі – іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу. Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда Жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі.

Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.

IMG_20261018_102407_197

Қауіпсіз қала – тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіптердің алдын алу, оқиғаларға уақтылы әрекет ету және әрбір азаматтың тыныштығын қорғау.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале