ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, әлемдік жасанды интеллект индустриясының негізгі тұлғаларының бірі, NVIDIA компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуанг Қазақстанға сапармен келеді.

Фото: digitalministry_kz
Ол 23 қазанда Астанада өтетін Fireside Chat форматындағы ашық пікір алмасуға қатысып, жаһандық деңгейдегі технологиялардың даму бағыттары туралы ой бөліседі.
Бұл ауқымды кездесуде оның сұхбаттасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев болады. Іс-шара барысында жасанды интеллекттің ертеңгі болашағы мен оның елдердің цифрлық экожүйесіне әсері сөз етілмек
Аталмыш оқиғаны Астана уақыты бойынша 23 қазан күні сағат 11:00 мен 12:00 аралығында онлайн трансляция арқылы еліміздің кез келген нүктесінен тамашалауға болады. Тікелей эфир сілтемесі қосымша жарияланады.