БҚО-да жыл басынан бері 866 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 50 адам қаза тапқан. Ал 1 330 адам түрлі дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлері былтырғы жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғалары азайып келеді дейді. Себебі қазір жолдағы қозғалысты қадағалау күшейтілді, заманауи бейнекамералар орнатылды.
Облыста қазіргі уақытта 135 камера автоматты тіркеу жүйесі арқылы жұмыс істеп тұр. Олардың көмегімен 89 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілері анықталған.
БҚО Полиция департаментінің қызметкерлері азаматрды жол ережесін бұзбауға және жолда өте мұқият болуға шақырады.
Жанат Көшкінбай,