21.10.2026, 16:00
Оқылды: 62

Облыс әкімі Ақжайық ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары аясында Ақжайық ауданының тұрғындармен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.

854880886_1602443967552730_9206319827459322866_n

Аудан әкімі Мұрат Сердалин Жұбан елінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. 2023 жылдан бері негізгі капиталға тартылған 119,2 млрд теңге инвестицияның 75,5 пайызы жеке қаражат есебінен қалыптасты. Биыл жалпы сомасы 1,9 млрд теңгені құрайтын 11 ірі жоба іске қосылып, 52 жаңа жұмыс орны ашылды.

856266715_1775706177893254_6220137494095747682_n (1)

2023-2026 жылдары ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 147,2 млрд теңгені құрады. Асыл тұқымды мүйізді ірі қараның үлесі 26,6%, қой 7,6%, жылқы 11,6%-ға жетті. Ауданда жалпы қуаттылығы 16 мың басқа арналған 7 мал бордақылау алаңы іске қосылды.

856266715_1775706177893254_6220137494095747682_n

«Барбастау – Ақжайық – Индер» автокөлік жолы қайта жаңғыртылып жатыр. Жоспарланған 52 шақырым жолдың 43,1 шақырымында құрылыс аяқталды. Киров пен Аяқ су қоймалары, «Азынабай – Тайпақ» суландыру жүйесінің 40 шақырымы жаңғыртылды. Кейінгі 2 жылда су арналарының 110 шақырымы тазаланды.

855174726_1613431836899457_6615566628646791678_n

Облыс әкімінің қолдауымен тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамту мақсатында 239 жаңа пәтер салынды. «Қаладан – ауылға» өңірлік жобасы аясында елді мекендерге 12 отбасы қоныстанды. 2023 жылдан бері 4 мектеп жаңадан салынып, пайдалануға берілді.

856315265_1139477905404994_241934823938672993_n

Кездесуде тұрғындар жол, энергетика, ауыз су саласына қатысты ұсыныстар айтты. Облыс әкімі әрбір мәселені көппен бірге талқылап, құзырлы құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.

- «Азынабай – Тайпақ» жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – Жайық өзенінің сол жағалауын суландыру және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды стратегиялық жоба. Құрылыс барысында кемшіліктерге жол берілмеуі тиіс. Мердігерлерге олқылықтардың орнын толтырып, жобаны сапалы атқаруды тапсырамын. Сондай-ақ, халыққа берген уәдеме сәйкес келесі жылы Тайпақ ауылы тұсынан Жайық өзенінің үстімен өтетін қалқымалы көпір салып береміз, - деді Нариман Төреғалиев.

856074670_969037799611975_1133760542973353926_n

Ақжайықтықтар ауданда атқарылған жұмыстарды оң бағалады. Кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале