ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, 23-25 қазан аралығында Францияның Анже қаласында мәнерлеп сырғанаудан 2026/27 жылғы маусымның Гран-при сериясы басталады.

Фото: olympickz
Айта кетерлігі, бұл жарыста Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бақ сынайды. Ол биылғы маусымда алғашқы жарысына қатысып, жүлдеге қол жеткізіп үлгерді, сондай-ақ жаңа бағдарламаларын таныстырды.
Михаил Шайдоров Францияда өтетін Гран-при кезеңінде Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Адам Сяо Хим Фа бастаған мықты қарсыластармен күш сынасады.
Қатысушылар арасында Гран-при кезеңдерінің жеңімпаздары, ірі халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен болашағынан үміт күттіретін жас мәнерлеп сырғанаушылар бар.