22.10.2026, 12:00
Оқылды: 8

Республика күні қарсаңында жас сарбаздар әскери қызметке аттанды

Республика күні қарсаңында Орал қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ернар Ильясов, Казталов ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсенов және Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник, еңбек ардагерлері, шақырылушылардың ата-аналары, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

image-22-10-26-02-41-16

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.

image-22-10-26-02-41-12

Шара барысында Отан қорғаудың маңызы, әскери қызметтің азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлі және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қарулы Күштердің міндеттері сөз болды. Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, әскери дайындықты арттыру және Отан қорғаушылардың беделін көтеру жөніндегі тапсырмаларының маңыздылығы атап өтілді.

image-22-10-26-02-41-3

Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ернар Ильясов жас сарбаздарға сәттілік тілеп, әскери міндеттерін абыроймен атқарып, ел алдындағы борыштарын жауапкершілікпен орындауларына тілектестік білдірді.

image-22-10-26-02-41-1

Сондай-ақ салтанатты шараға қатысқан еңбек ардагерлері мен әскери сала өкілдері жас сарбаздарға ақ баталарын беріп, Отанға адал қызмет етудің маңызына тоқталды.

image-22-10-26-02-41-8

Әскери қызметке аттану – жас азаматтардың өміріндегі маңызды кезең. Бұл кезеңде олар әскери тәртіпті меңгеріп, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және төзімділікке үйренеді. Отан алдындағы борышын өтеу арқылы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосады.

image-22-10-26-02-40

Республика күні қарсаңында өткен бұл шараның мәні зор. Мемлекеттік мереке қарсаңында әскери қызметке аттанған жастарға құрмет көрсету – Отан қорғау міндетінің маңызын дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.

image-22-10-26-02-40-2

Салтанатты шара соңында жас сарбаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале