22.10.2026, 16:00
Оқылды: 12

БҚО-да қоршауға соғылған жүргізуші жауапқа тартылды

БҚО-да қоршауға соғылған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

WhatsApp-Image-2026-10-22-at-11.18.48

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын зерделеу барысында аудан орталықтарының бірінде көліктің жол қозғалысы ережелерін бұзып, қоршауға соқтығысу дерегі анықталды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, тексеру кезінде Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамай, көлікті басқару құрылғысына ие бола алмай, мекеме ғимаратының қоршауына соқтығысқаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен кінәлі жүргізушіге айыппұл салынды. Осы ретте полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, бұрылу және басқа да маневрлер жасау кезінде мұқият болуды ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале