ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай Халық Республикасына 620 дана киік мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді.

Фото: knbgov_kz
Ведомство дерегінше, тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы жалпы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін. Аталған факті бойынша жиналған материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға тапсырылады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.