19.04.2017, 12:15
Оқылды: 47

«ЭКСПО-2017» - тарихымыздың алтын парағы

Borli Ekspo tysindiru    Ақсай қаласына «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуін түсіндіруге арналған насихат тобы келді.

   Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен келген насихат тобы көрменің маңыздылығына тоқталып, бейнеролик арқылы жиналғандарға оны өткізу барысы туралы түсінік берді.


    Жалпы әлем көз тіккен ауқымды шараға 5 миллионнан аса адам келеді деп болжануда. Көрмені тамашалауға келушілердің 85 пайызы қазақстандықтар болса, 15 пайызы шет мемлекеттердің азаматтары екен.

   «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Ғаламат көріністерге куә бола отырып, елдегі жаһандану үрдісінің алғашқы қадамын көргісі келетіндер көп. «Жасыл экономиканы» ұстанған қазақ елінде ұйымдастырылған бұл көрменің өтуіне, әсіресе, шетел азаматтары таңдай қағатыны сөзсіз екендігін айтады ұйымдастырушылар.

  Көрмеге баруға ниеттенген әр азамат бүгінде облысымыздағы туристік агенттіктерге жолығып, барлық ақпаратты білулеріне болады.

  Бұл туралы облыстық туризм басқармасының бас маманы Ерлан Әдиев жиналғандарға айтып берді.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале