Бүгін Қаратөбе ауданында табиғи өрттің алдын алу және жою, күштер мен құралдардың шомылу маусымына дайындығы және судағы адам өлімін алдын алу шаралары туралы төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті.
«Аудан аумағы мен халқын, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет құрылмаған елді мекендер мен дала алқаптарын өрттен қорғау мақсатында ауданның 8 ауылдық округінде жалпы саны 185 адамнан тұратын 9 ЕӨҚ жасақтары құрылды. Аталмыш жасақтардың дайындығы қаралып, оқу-жаттығулар өткізілді. Жалпы саны 41 дана әртүрлі автотехника, 99 аспалы өрт сөндіргіштермен, сапалақтармен жабдықталған. Аудан бойынша қазіргі таңда 2 өрт, 2 жану оқиғасы тіркелді» - деді Қаратөбе ауданының ТЖБ-і бастығы, азаматтық қорғау капитаны Нұрбол Нысанов.
-Округ бойынша құрамында 15 ерікті мүшесі бар шұғыл әрекет ету жасағы бар. Жасақ 7 аспалы су бүріккішпен, 10 алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және қажетті су тасымалдау үшін сыйымдылығы 200 литрлік екі құтымен жабдықталған, - дейді Қаракөл ауылдық округінің әкімі Н.Сахипов.
Отырыс соңында аудан әкімі Асхат Берлешұлы тиісті мекеме басшыларына мал азығын дайындау науқанына ауыл шаруашылығы техникаларының жарамдылығын тексеруді, ерікті жасақтарды түгендеуді қадағалауды тапсырды.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz