Орал қаласының аумағында «Борышкер-2017» акциясы басталды. 10-20 мамыр аралығында өтетін бұл шараның мақсаты - әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген тұлғаларды анықтап, түсінік жұмыстарын жүргізу, айыппұлдарды өндіру жұмыстарының қарқынын көтеру.
Жедел алдын алу шарасының алғашқы бірінші күнінде жұмылған құзыретті органдар «Автоураган» жылжымалы кешені көмегімен 9 автокөлікті ұстады. Яғни, бұл 9 көлік иесі әкімшілік айыппұлдарын төлемей, мойындарына борыш қылып жүргендері мәлім болды. Бұған дейін 2017 жылғы ақпанның 20-28 аралығында ұйымдастырылған «Борышкер» жедел алдын алу шарасы кезінде 1 миллион 920 мың 453 теңге өндірілді. 325 мекенжай тексерілді. Бұл жолғы акция мамырдың жиырмасына дейін жалғасады.
Гүламан Исмагулова,
Орал қ.ІІБ баспасөз қызметкері