17.05.2017, 14:57
Оқылды: 54

Зеленовта «Мерейлі отбасы» байқауы мәреге жетті

Зеленовта «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды.

Жиында аудан әкімі міндетін атқарушы Амангелді Тугузбаев жеңімпаздарды құттықтап, өнегелі, үлгі тұтар отбасылар көп болып, абыройлары биік болсын деген тілегін жеткізді.

Байқауға ауданымыздан он жеті отбасы қатысып, бақ сынаған. Олардың ішінен переметныйлық Ғиззатовтар әулеті бас жүлдеге ие болды. Ғизатовтар өнерлі де өнегелі жанұя. Аудандағы қандайда болмасын қоғамдық, мәдени шараларға белсене араласып, басы қасында жүреді. Отбасының отағасы Аслан Ғизатов аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, концертмейстері. Облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Жұбайы Жания дүниеге үш қыз әкелген  ана, инабатты келін. Үлкен қыздары Наргиз аудандық саз мектебінің «Елмұра» ансамблінің мүшесі, облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты, оқуда озат. Ортаншылары Тахмина да өнерден алыс емес, мектепке дейінгі дайындық тобының тәрбиеленушісі. Бір жастағы кенжетайлары Нармина апаларына қарап өсіп келеді.

Аудандық кезеңнен І орынды Мичуриннен келген Халеловтар, ІІ орынды трекиндік Мұқаналиевтер, ІІІ орынды Янайкин ауылынан Шамашевтар отбасы иеленді. Айта кетейік, байқаудың облыстық кезеңіне Ғиззатовтар мен Халеловтар жолдама алды.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

                                                                                                                                                                            

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале