19.05.2017, 15:16
Оқылды: 46

«Алтын сапа» сыйлығы сарапқа салынбақ

Atameken 01  Бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ниетті өңір кәсіпкерлеріне арналған семинар өтті.

   Айта кетейік, облысымызда жыл сайынғы өтетін байқауға қатысуға шамамен жиырмадан астам жеке кәсіпкер мен заңды тұлға тілек білдірді.


  Байқаудан үміткер компаниялардың өкілдері конкурстарды өткізу тәртібімен және оның ережелерімен, ұйымның іс-қызметін өзін-өзі бағалау әдістемесімен танысу үшін оқу семинарына келді. Семинарды СМЖ бойынша сарапшы-аудитор, ТМД сыйлығының сарапшысы, Сапа менеджменті еуропалық қорының Еуропа сыйлығының асессоры Мәдина Мұқатова жүргізді.

  Ол семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу конкурсына және Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі қатысушыларының материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын-ала бағалау ережелеріне сәйкес, ресімделген  материалдарды, есеп берулерді, сауалнамаларды  және қатысу туралы өтінімдерді беру ережелерін түсіндірді.

   -Аталған байқау екі кезеңнен тұрады. Облыс көлеміндегі тауар өндірушілер арасындағы байқау 24 маусым күні Орал қаласындағы жаңа алаңда өтетін болады. Биылғы жылғы облыстық байқау өңірімізге шекаралас орналасқан Ресей Федерациясының және көршілес облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен ерекшеленбек. Арнайы комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылған өнім өндірушілер Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткізілетін республикалық байқауға жолдама алатын болады. Бұл байқаудың басты мақсаты-отандық өнімді және өндіруші компаниялардың тауарларын кеңінен насихаттау болып табылады. Биылғы жылы облыс деңгейінде үшінші мәрте өткізілгелі отырған байқауға 20-25 өндіріс орындары қатысады деп жоспарланған. Қатысушы компаниялардың саны жыл санап артып келеді,-дейді өңірлік палата директорының орынбасары Марат Нұрқуатов.

       Семинар соңында барлық  қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале