22.05.2017, 17:30
Оқылды: 54

Көненің көзі, тарихтың өзі....

Borli konenin kozi  Бөрлі аудандық өлкетану мұражайында «Музей – адамзат тарихының рухани және материалдық қазынасы» атты іс-шара өтті.

      Іс-шараға ҚР Ұлттық музейі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен археология және этнология бөлімінің ғылыми қызметкері, археология және этнология кафедрасының оқытушылары бастаған топ келіп, экспозициялық көрме ұйымдастырды. Мерекемен құттықтау үшін сөз алған басшылар мен ұйымдастырушылар, сондай-ақ қонақтар ізгі ниеттерін жеткізе отырып, бар жақсылықты тілесті.


      Дәстүрлі мереке – музей күнінде сала мамандарының да еңбегі еленді.

   Содан соң Елдос Габдрахманов жетекшілік ететін «Глобус» үйірмесінің оқушылары Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы және еліміздегі музей ісінің өткені мен бүгінің театрландырылған қойылымын ұсынды. Сағат 5-тен бастап түнгі 12-ге дейін созылған іс-шара «Музей түнімен» жалғасын тапты.

         Келесі күні облыс бойынша тек Бөрлі ауданында ғана 20 мектеп музей меңгерушілерінің басын біріктірген дөңгелек үстел өтті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале