Жәнібек ауданы Тау ауылының тұрғынының ауласынан ауа сығымдағыш қолды болған.
Жәнібек аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиевтің мәліметінше, 21 мамыр күні Тау ауылының тұрғыны, Р. деген азаматтың ауласынан компрессор (ауа сығымдағыш) ұрланған.
Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде аталған ауылдың тұрғыны А. деген азамат ұсталып, қолды болған зат тәркіленді.
Іс прокуратураға жолданды.
Д.ЗЕННАТ
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz