26.05.2017, 12:33
Оқылды: 49

Батыс Қазақстанда он күнде 17,6 млн. теңгеден астам айыппұл өндірілді

Uragan    Батыс Қазақстан облысында 10-20 мамыр аралығында өткізілген «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында 17 млн. 646 мың теңге әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлайды.

    БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған дейін төленбеген әкімшілік айыппұл көлемі 133 млн. теңгеден асқан болатын.


  Он күн ішінде  сондай-ақ «Ураган» жылжымалы және стационарлық кешендерімен 317 көлік құралы тоқтатылды. Олардың иелерінің жалпы бережағы 20,3 млн. теңгеден асса, соның ішінде 4 млн. 735 мың теңгесі әкімшілік айыппұл еді.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале