Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылындағы мектепті бұдан 20 және 10 жыл бұрын бітірген түлектердің ұйымдастыруымен аламан ат бәйгесі өтті.
Аламан бәйгеде бірінші орынды Ұзынкөл ауылының сәйгүлігі иемденіп, сыйлыққа тоңазытқыш алды. Ал бәйгеден екінші болып келген көршілес Ресейдің Новоузенск ауданының сәйгүлігіне газ плита берілсе, үшінші орын алған Борсы ауылының тұлпарына ОТАU-TV телебайланыс аппараты тарту етілді.
Сонымен қатар мектеп түлектері естелік, сый тарту ретінде ауылдағы «Даңқ» саябағына «Менің жүрегім Жақсыбай» атты мандайша орнатуға дәнекер болды. Бұл күндері саябақ ішінде ауыл тұрғыны Нұрберген Төрешов жазғы демалыс орнын ашып, жұртшылықтың бос уақытында көңілді демалуы мақсатындағы өз жұмысын бастап кетті.
Н.Өтей
zhaikpress.kz