29.05.2017, 18:33
Оқылды: 48

Түркиялық қари арнайы Жаңақалаға келді

Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов аудандық мешітте болып, жаңақалалық жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтады.


Мұнан кейін аудандық мешіттің бас имамы Ерік Сұлтанов Алланың жердегі жұмыр басты құлдарына ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айы туралы, ораза ұстау жөнінде уағыз айтты. Сондай-ақ бас имам Е.Сұлтанов Түркия елінен арнайы келген қари Ибрахим қир Әт-Түркиді елге таныстырып, Рамазан айы бойы ауданымызда болатынын, Құранды толық оқып, хатым ететінін жеткізді.

Аудан тұрғындары қасиетті айда жамағатқа ауызашар беруді жыл сайын дағдыға айналдырып келеді. Бұған аудандағы әр мекеме, дербес бөлім қызметкерлері де бір адамдай атсалысып, белсенділік танытады. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Сауабын ұғынған ауыл тұрғындары ораза ұстағандарға мешітте ауызашар беру кезегіне тіркеліп, бос күн қалдырмапты.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале