Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жас Отан» Жастар Қанаты облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді. «Болашақты сенен көрем» кеші партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдастырылды.
«Галактика» ойын-сауық кешенінде балалар үшін арнайы ертегі кейіпкерлері қызықты ойындармен көңілді қойылымдар ұйымдастырып, бүлдіршіндер кинотеатрдан тегін мультфильм тамашалады. Шара барысында бүлдіршіндер де өнерлерін ортаға салды.
- Маған мерекелік шара қатты ұнады. Әсіресе мультфильм кейіпкерлерінің бізге қойған қойылымдарын көріп, олармен бірге фотосуретке түскен керемет болды, - дейді қала тұрғыны Әсет Айдынғалиев.
Шара соңында демеушілер тарапынан ұсынылған естелік сыйлықтар таратылды.
Ерлік Шамғалиев
«Жас Отан» Жастар Қанаты БҚОФ менеджері
zhaikpress.kz