12.06.2017, 16:56
Оқылды: 56

Федоров және Подстепныйға жүзден аса қоқыс контейнерлері сатылып алынады

Terekti jyyeli jymis jaksilik akeler   Теректі аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында депутат Елена Плотникованың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың ХІІ кезекті сессиясы өтті. Оған БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қанат Алпысбаев, аудан әкімі Мұрат Мұқаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.


   Бұл жолғы сессия отырысының маңыздылығы-тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтің бекітілуі еді. Қоқыс шығару үшін жеке тұлғалар 113 теңге, заңды тұлғалар 358 теңге көлемінде ақы төлейтін болады. Жұмысты атқарар мердігерлер де дайын. Депутаттар тариф бағасын бірауыздан қолдады.

   Күн тәртібіндегі барлық мәселелер тыңдалып болған соң аудан әкімі М.Мұқаев сөз алды. Ол аудандық бюджеттің игерілуіндегі кеткен техникалық қателіктерге кеңінен тоқталып, алдағы уақытта  олқылықтар орын алмайтынына сендірді.

   Сонымен қатар, қоқыс шығару жөніндегі тарифтің бекітілгенін оңды іс деп бағалап, Федоров және Подстепный ауылдарына 100-ден аса контейнерлер сатылып алынатындығын атап өтті.

   Аудан басшысы ағымдағы жылы жүзеге асар жүйелі жұмыстарға да тоқталды. Олардың арасында солтүстік округтерді газдандыруға сметалық құжаттардың жасалуы, Сарыөмір ауылындағы Х.Есенжанов атындағы мектептің күрделі жөндеуі, Федоров ауылындағы Тәуелсіздік көшесінің жолын жөндеу, бақандай 5 округке ауыз су жүргізу секілді ауыз толтырып айтатындай жұмыстар бар. Подстепный ауылына Мәдениет үйін салуға бюджеттен 319 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткендігі – айтып өтер жағдай.  Ол былай тұрсын, орталық аурухананың күрделі жөндеуі мен Сарыөмір ауылындағы жазғы лагерь құрылысы да тауық жылының еншісінде болмақ.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале