13.06.2017, 15:07
Оқылды: 62

Теректіде бес ауыл ауыз сумен қамтылады

Terekti karkindi kyrilis  Таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2011-2020 жылдар аралығына арналған "Ақбұлақ" бағдарламасы Теректі ауданында да қарқынды жүзеге асуда. Биыл аудан көлемінде жақсы жаңалықтар, берекелі бастамалар көп. Солардың қатарында, бақандай бес ауылды ауыз сумен қамту бар.



Новопавлов ауылындағы су құбырын қайта құру жұмыстары қазіргі таңда қарқын алып тұр. Келісім-шарттың жалпы құны 201 млн. 248 мың теңгені құрайды, мердігер – «KazConstructionGroup» ЖШС-і. Қыруар қаражаттың «қызығын» қарапайым халық көретін күн жақын. Дәл осындай қуанышты күнге ақсуаттықтар да кенелетін болады. Бюджеттен 144 млн. 480 мың теңге қаралып, «Аяла» ЖШС-гі мердігер боп танылып, қарашаға дейін жұмысты аяқтауды жоспарлап қойған. Дәл осы мердігер Сарыөмір ауылындағы 64 үйге су құбырының құрылысын жүргізуді жауапкершілік қып алған.

   Ал Аңқаты ауылының тұрғындары желтоқсан айында бітетін игілікті жұмысты «Тасқала Транс Газ» ЖШС-гі атқаруда. Компания өкілдері жергілікті тұрғындар арасынан 15 адамды жұмыспен қамтып отырмыз деген мәлімет берді. Жобаның жалпы келісім-шарт құны 174 млн. 044 теңгені құрайды. Ауыл төңірегінде жұмыс күн-түн демей қызып тұр.

   Биыл Ақжайық ауылы да таза ауыз сумен қамтылып, құт әкелер «Ақбұлаққа» алғыс айтады. Бұл жұмыстарға 225 млн. 965 мың теңге бөлініп, мердігер ретінде «Тасқала Транс Газ» ЖШС-гі танылған. Айта кететін жайт, «Ақбұлақ» бағдарламасының бір ерекшелігі – бағдарлама аясында ауыз сумен қамту бойынша тұтас іс-шаралар кешенінің жүзеге асырылатынында. Нақтырақ айтсақ, кез-келген өңірдегі елді мекендерде су құбырын тартудың оқшауланған жүйелерін (септиктер) салу және нысандарды қайта жаңарту немесе жаңадан салуда тың әрі жүйелі тәсілдер қолданылды. Соның арқасында арман болған ауыз су әрбір үйге дейін жеткізіледі.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале