23.06.2017, 12:23
Оқылды: 44

Теректі ауданының ірі ауылдарына бейнебақылау орнату қарастырылуда

Beinebakilau   Жыл басынан бері, Теректі ауданында 5 ай ішіндегі көрсеткіштерді сараптасақ, өткен жылмен салыстырғанда бөлімде тіркелген қылмыстың саны 253-тен 162-ге дейін төмендеп отыр. Аса ауыр қылмысқа бару  10-нан 6-ға дейін төмендеп отыр.  Қылмыс  100% ашылды. Ең бастысы, адам  өлтіру болған жоқ.


   Жалпы, аудан бойынша тіркелген 162 қылмыстың, 16-сы бұрын да қылмысы үшін жаза кесілгендер тарапынан болған. Өткен жылдың бес айында сотталғандардың қайталап қылмыс жасауы 73 мәрте болған екен. Яғни, сотталғандардың қылмысқа баруы азайып келеді. Бұл бұрын сотталғандармен жүргізілген түсіндіру, түзету жұмыстарының оңды әсері деп білеміз.

   Полиция қызметкерлері қолайсыз отбасыларды, әсіресе, тәрбиесінде бала барына қарамастан, ішімдік ішіп, өз міндетін орындамай жүрген ата-аналарды назардан таса қылмайды. Десек те, кәмелетке толмаған жеткіншектердің қылмыс жасауы 3 рет тіркеліп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш төмендеу болғанымен, жас кезінен баланың  қылмысқа үйір болғаны алаңдатады. «Қыздырғыш» алкоголь буымен қылмысқа барғандар, қоғамдық орында бұзақылық жасаушылар азайып келеді.

   Осындай қылмыстың азайып, қоғамда тыныштықтың сақталуы, полиция қызметкерлерінің нәтижелі жұмыс жасауы үшін жағдай жасалған. Аудан әкімшілігі 2016 жылы аудандық ішкі істер бөліміне 7 автокөлік берген болатын. Биыл тағы 6 автокөлік бөлініп отыр. Халқы көп, ірі  ауылдар -  Федоров, Подстепный, Ақжайық ауылдарына бейнебақылау орнату қарастырылып жатыр.

Тимур Айтуғанов 

Теректі АІІб бастығы

полиция подполковнигі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале