23.06.2017, 12:28
Оқылды: 68

Қолөнер шеберлерінің көрмесі болды

Terekti korme   Теректі аудандық Достық үйі алаңында «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің көрмесі болды. Аталмыш шара Астана төрінде өтіп жатырған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатында өтті.


  Ғаламат көрмеге арналған ғажайып көрмеде Ақсуат, Федоров, Долин, Аңқаты, Покатилов, Шаған ауылдарының шеберлері өз туындыларын назарға ұсынып, аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың қолынан Алғыс хаттар алды. Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев және «Жігерлі жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Нұрлан Кенжин сөз алып, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің еліміз үшін маңыздылығы жөнінде ой қозғады.

       Ұйымдастырушылардың айтуынша, игілікті іс-шараның ғұмыры ұзақ  болады екен.

  • Бүгінгі көрме жоғары деңгейде өтті. Ауылдық округтегі ісмер әйелдер белсенділік танытып, өз қиялдары мен қолдарынан туындаған дүниелерін аудан жұртшылығына ұсынып отыр. Қолы шебер жандарды қоғамға танытып, әлем назарын аударған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдау мақсатындағы шарамыз теректіліктерге ұнады. Жақсы іс жалғасын табады деген сенімдеміз,-дейді  «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Төлегенова.

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале