Маусымның 23-25 аралығында Сербия астанасы Белград қаласында каратэден әлем чемпионаты өтіп, ел намысын қорғаған спортшылар қомақты жүлдеге ие болды.
Аталмыш чемпионатқа 23 елден екі мыңнан астам спортшы қатысып, бақ сынаған.
-Қазақстан құрама командасы сапында Аида Имақанова 16-17 жас қыздар арасында кумитэден үшінші мәрте әлем чемпионы атанды. Бұл еңбектің жемісі, - дейді ел құрамасын бастап барған елімізге танымал әрі Аиданың бапкері Фархад Жалмұрзин.
Катадан бөрлілік Азат Жүнісов пен Бауыржан Болатов, кумитэден зеленовтық Полина Уварова, иппон кумитэден Нұрдәулет Саматов пен Николай Сеннов күміс жүлдеге ие болды. Ал ката шиторюдан бөрлілік Нұрлан Исқалиев, кумитэден Азат Жүнісов қола жүлдегер атанды.
Динара НАСЫР
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz