28.06.2017, 19:04
Оқылды: 82

Оралда жасөспірім қыздың аяғын темір кесіндісі тесіп өтті

armatura   БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы серуендеп жүргенде, күрделі жарақат алған 14 жасар қызға алғашқы медициналық жәрдем көрсетті.

    Жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Ләйла Әбдірахманованың айтуынша, қыздың аяғын ескі плиталардан шығып тұрған темір кесіндісі (арматура) тесіп өткен.


   Бұл оқиға Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Жигули» аялдамасы маңында орын алды. Бұл жерде тұрғын үйлерге өтер жолға асфальт төселмеген, тек темір бетон салынған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралмен жасөспірімнің аяғын кесіндіден босатты.

   «Ол өзін шыдамды ұстады. Біз ақырын арматураны кесіп алғанда, шығып тұрған темір кесіндісін стерилденген мәрлімен орадық. Жедел жәрдем дәрігерлері қызды облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Сол жерде ота жасалып, темір кесіндісі алынады», деді жедел құтқару жасағы медициналық-психологиялық қызметінің басшысы Нұрмұхан Жұмағалиев.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале