Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы Шаған өзенінің бойында қайғылы оқиғаның алдын алды.
Шымкент қаласынан келген қонақтар су жағалауында демалыс ұйымдастырады. Күнге қыздырынған балалар өзенге шомылуға барады. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін суға құлап кетіп, тұншыға бастайды. Бұны байқап қалған әкесі айналасындағыларды көмекке шақырады. Жағажайда кезекшілікте болған №3 құтқарушы жасағының жетекшісі Марлен Беркалиев мен құтқарушы Бекжан Айтқалиев баланы ажалдан құтқарып қалды.
БҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ата-аналарға балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауларын ескертеді.
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының
бас құтқарушы- психологы
Л.Абдрахманова