Қазталов ауданы «Достық» саябағында мектеп оқушыларының «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне баратындардың кезекті екінші легін аттандыру рәсімі өтті.
Рәсімде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова: -Бүгін сіздер өмірлеріңіздің тарихи сәті болып қалатын саяхатқа аттанып бара жатырсыздар. «ЭКСПО – 2017» көрмесінде әлем елдерінің тамаша жаңалықтарын көретін боласыздар. Ол сіздерге үлкен әсер қалдырады деп санаймын. Жолдарың болсын, жас достар! –деді.
Оқушылардың екінші легінде 177 оқушы бар.
Әсем БОЛАТ,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz