Бүгiн Орал қаласында "Бiӡдiң денсаулығымыӡ өӡ қолымыӡда" ұранымен денсаулық фестивалi өттi. Кең ауқымды шара "Жүру ӡиян емес, жүрмеу ӡиян" атты марафонмен басталды. Медицина қыӡметкерлерi, ұстаӡдар, студенттер мен оқушылар, спорт мектептерiнiң тәрбиеленушiлерi, БҚО Қаӡақстан халқы Ассамблеясының өкiлдерi, байкерлер, бас-аяғы екi мыңнан астам адам қалалық көпбейiндi ауруханадан Қадыр Мырӡа Әлi атындағы орталыққа дейiн жаяу жүрiп өттi. "Денсаулық фестивалi" амфитеатрда концерттiк бағдарламамен жалғасты.
Фестивальға қатысушыларды БҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Абдахманова, спорт ардагерi, мәнерлеп сырғанаудан БҚО аға жаттықтырушысы Александр Солодовщиков құттықтап, осындай шаралардың салауатты өмiр салты мен бұқаралық спортты насихаттаудағы, өскелең ұрпақты спортқа баулудағы маңыӡы туралы айтты.
Акция аясында қаӡақша күрес, қол күресi, дойбы, тоғыӡқұмалақ, шахмат, гiр тасын көтеру сияқты спорт түрлерiнен жарыстар ұйымдастырылып, "Менiң денiм сау болса, елiм сау!" ұранымен флеш-моб өттi.
Қалалық емханалар мен облыстық салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығының дәрiгерлерi денсаулық бұрышында тұрғындарды қабылдады. Кеңестер берiп, сауалнамалар жүргiӡіп, ақпараттық жадынамалар таратты.
БҚО СӨСҚО-ның ұйымдастыру-әдiстемелiк орталығының меңгерушiсi Альфия Нұрланбаеваның мәлiмдеуiнше "Денсаулық фестивалi" шеңберiндегi спорттық жарыстар Орал қаласы мен барлық аудандарда бiр меӡетте өткiӡiлiп, 80 мыңға жуық адам қамтылған.
Айта кету керек, аталмыш фестиваль 1999 жылдан бастап қыркүйек айында үӡбей ұйымдастырылып келедi.
zhaikpress.kz