27.11.2017, 18:17
Оқылды: 41

Оралда 220 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті

Орал қаласында тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі бірлесіп ұйымдастырған бұл шара 29 қарашада өтетін «Туған жерім - тірегім» атты меценаттар мен қайырымды жандардың облыстық форумы аясындағы шаралардың алғашқысы.

Облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жеке кәсіпкерлер, Орал қаласындағы ірі сауда орталықтары мен базарлардың басшылығы ұсынған азық-түлік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне жеткізілді. Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандарына азық-түлік салынған сөмкелерді тиісті мекенжайға жеткізуге жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын студент-жастардан құралған еріктілер тобы жәрдемдесті.

«Қайырымдылық керуені» шеңберінде кеш қарайғанша барлығы 220 оралдық отбасыға көмек көрсетілді.

Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале