21.12.2017, 22:35
Оқылды: 110

«DANAqaz» журналының 5 жылдығы аталып өтілді

IMG-20171221-WA0111Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Ақ жайықтың №1 журналының 5 жылдығына арналған шаралар өтті.

Алдымен, «DANAqaz» журналында «Құлпытас сырын ашайық!» айдарын ашу арқылы қолға алынған құлпытастарды зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде табылған хан, батыр, би, әулие-әнбелер құлпытастарының көрмесі таныстырылды.

Мәселен, көрмеге Бөкейордасы ауданының Орда ауылдық округіне қарасты Хан зираты қорымындағы №1 құлпытас қойылған. Журналдың бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлының айтуынша, қорымда сақталған 628 құлпытас зерттеліп, қазақ және ағылшын тілдерінде жинағы дайындалуда. Сонымен қатар қорымда бірнеше сұлтан-төрелер жерленген.

Көптің қызығушылығын тудырған тағы бір құлпытас - 1797-1805 жылдар аралығында Кіші жүздің ханы болған Айшуақ хан Əбілхайырұлының құлпытасы. Құлпытас Теректі ауданы, Бекей ауылы маңындағы қорымда орналасқан.

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин құлпытастың табылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын.

- Осыдан үш жылдай бұрын Бекей Есенгелдіұлын зерттеу барысында Нұртас Набиоллаұлы мен Бағдат Мəдиұлы Бекей ауылы маңында құлпытасы бар дегенді естіп арнайы барған. Осы сапар барысында Нұртас Набиоллаұлы Бекей қорымындағы құлпытастарды да суретке түсіре келген екен. Ол оны сол кезде Facebook парақшасына салған. Үш жыл өткенде Facebook есіне салғанда бөлісіп қайта жариялайды. Соңғы кезде құлпытас оқуға əбден машықтанған Мұратбек қажы Жахатов мүк басқан құлпытас жазуларынан Айшуақ хан Əбілхайырұлы дегенді анық оқиды. Осыған дейін Ақжайық ауданынан 1795-1797 жылдары хан болған Есім Нұралыұлының жəне 1805-1809 жылдары хан болған Теректі ауданынан Жантөре Айшуақұлының құлпытастары табылған болатын. Міне, екеуінің ортасында хан болған Айшуақ Əбілхайырұлының да құлпытасы табылып, аударылды, - делінген жазбада.

IMG-20171221-WA0110Тағылымды шарада жыршы-термеші, республикалық, халықаралық жыр-терме байқауларының жүлдегері Фархат Оразов биыл туғанына 275 жылдығы тойланған Сырым Датұлы туралы «Сырым батыр» жырын жырлап берді.

Айта кетейік, дастанды 1955 жылы БҚО өңірінің тарихын жинаушы Тайыр Ауатанұлы Сағынғали Бекболатов деген кісіден жазып алған екен. Кейін Алматыдағы ғылыми орталық қорына табыстаған.

Жыр кешінде жергілікті кəсіпкер жыршыға ат мінгізсе, Жантас Набиоллаұлы иығына шапан жапты. Сонымен қатар Фархат Оразовқа Сырым ауданы əкімі атынан алғыс хат пен естелік табыс етілді.

IMG-20171221-WA0105Сонымен қатар шара барысында «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин журналдың бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, өлкетанушы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатовқа алғыс хат табыс етті.

- Журналдың 5 жылдығын мазмұнды өткізуге тырыстық. Шарамызды тапқан құлпытастарымыздың көрмесінен бастадық. Құлпытастар зерттеу ісі журнал жобасымен қатар жүруде. Зерттеу барысында үш ханды таптық. Біз оларды неге жоғалттық? Кейбір адам төртінші, бесінші атасын білмейді. Неге? Себебі сол кезеңдегі идеология солай болды. Халықтың тарихын жойып, сол арқылы жерін тартып алу. Қазір, тарихымызды қайта жалғап жатырмыз. Ал біздің мақсатымыз - ата-бабамыздың жатқан жерін анықтау, оны ешкімге орынсыз таптаттырмау. Есім, Жантөре, Айшуақ хандардың, қаншама бидің құлпытасы табылды.

IMG-20171221-WA0153Екінші шарамыз, бүгін жыр кешін ұйымдастырып отырмыз. Қазақ заманында баланы батырлар жыры арқылы тəрбиеледі. Жасырын емес, қазір жыр жаттап жүрген адам аз. Адамдар тыңдауға да құштар емес. Мақсатымыз - тыңдауға үйрету.

Шүкір, тəуелсізбіз. Əр жерде қызмет етіп отырмыз. Елге қажет нəрсені уақытпен санаспай жасауымыз қажет. Біздің көзіміз жеткені - ғылыми орталық қажет. Мəдени ғимараттардың барлығы мемлекеттің меншігінде. Алайда жекелеген азаматтар бас қосып мемлекетке қолдау жасап жатырған жоқ. Ендігі мақсатымыз - ғылыми орталық құрып, елге пайдалы іс- əрекеттерді ғылыми негізде жасау, - деді Ж.Набиоллаұлы.

IMG-20171221-WA0165Естеріңізге сала кетейік, басылымның 1 жылдығына арналған кешке белгілі семейлік жыршы Дүйсенғазы Нығметжанов келген болатын. Ол халықтың сұрауы бойынша «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (Ш.Әбеновтің нұсқасы) жырларынан үзінді орындап берді. Ал Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамырын» түгел жырлады.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz

Суреттер Айбатыр Нұраштікі

IMG-20171221-WA0152 IMG-20171221-WA0162 IMG-20171221-WA0153 IMG-20171221-WA0165

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале