Бұл жайында қатты тұрмыстық қалдықтар мəселесіне қатысты өткен кеңесте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дəулетжанов хабарлады.
Оның мəліметінше, Орал жəне Ақсай қалалары жанындағы екі ірі полигон алаңы мен аудандарда 318 қоқыс үйіндісі бар. Аудандарда үйіндіге арналған 247 жер телімі заңнама аясында рəсімделген.
Облыста қатты тұрмыстық қалдықтардың 2,14 пайызы ғана өңделеді. Өңірімізде 12 кəсіпорын макулатура мен пластик жəне резиналарды қайта өңдеумен айналысады. Қазіргі кезде өңірлерде қалдықтарды өңдеудің жол картасы мен өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі операторын енгізуге көңіл бөлінуде. Яғни өңдеуші кəсіп орын ӨКЖ операторынан өтемақы алады.
Орал қаласында пластик бөтелкелер бөлек жиналатын 767 контейнер бар. Аудандарда 317 торлы контейнер қойылған. Биыл ӨКМ операторы арқылы облысқа құрамында сыныбы бар шамдар мен құрылғыларды жинайтын 54 контейнер жеткізілген. Оның тең жартысы Оралға орналастырылған. Қазіргі кезде Орал мен Ақсай маңында қалдықтарды іріктеуге арналған жаңа полигон орындары салынуда.
Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz