3.01.2018, 11:46
Оқылды: 43

Қаратөбеде жаңа дүкен ашылды

Қаратөбеде «Омар» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Жанболат Омаровтың ет пен балық сататын дүкені ашылды.

 –  Алдымен, өз қаражатым негізінде 2,5 млн. теңге ғимаратты салуға, ішкі жұмыстарға, құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалды. Ақтөбе қаласынан құрылыс материалдары әкелінді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Береке» бағдарламасы бойынша 3,1 млн. несие алып, 15 бұқашық сатып алып, бордақылауға алынды. Екі адам жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр.

Орал қаласынан балық, тауық, қаз етін тасымалдауды қолға алдым. Бұның бәрі тұтынушыларға уақытылы әрі сапалы, қолжетімді бағамен сатылады, - дейді жеке кәсіпкер Жанболат Омаров.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале