1.02.2018, 16:37
Оқылды: 31

Жәнібекте әкімшілік ғимаратты мұқтаж азаматтарға пәтер ретінде беру жоспарда

Жергілікті тұрғындар алдында есеп берген Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің айтуынша, тұрғын үй кезегінде 168 адам тұр.

-  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында өткен жылы Жәнібек ауылында 104 пәтердің құрылысы бастау алып, 24 пәтер азаматтарға пайдалануға берілді.

Ал қалған 80 пәтер 2018 жылы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін болады.

Сонымен қатар аудан орталығындағы 2 қабатты әкімшілік ғимараттың  нысаналы мақсатын өзгерту арқылы 8 пәтерлі тұрғын үйге қайта құрып, мұқтаж азаматтарға пәтер ретінде беру көзделуде,- деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Сурет авторы Айбатыр Нұраш

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале