1.02.2018, 16:43
Оқылды: 53

Жәнібектік меценаттардың бастамасымен 15 жоба жүзеге аспақ

Бұл туралы аудан әкімі Азамат Сафималиевтің есептік кездесуінде айтылды.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 12 млн. 990 мың теңгенің әлеуметтік жобасы жүзеге асырылса, биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Жергілікті кәсіпкерлер мен меценаттардың ұйымдастыруымен 21 млн. 850мың теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Олардың қатарында ауыз су құдығын қоршау, ескерткіш тақта (бюст) орнату, балабақша ауласын қоршау, жазғы саябақты қоршау және сахна орнату оған алаң мен жолдарға өрнек тас төсеу, «Мен ауылымды сүйемін» жазуын орнату, ауылдың атауы жазылған белгі қою, ауыл көшелеріне шамдар қою, жаяу жүргіншілер жолын салу, балалар ойын алаңын салу, саябақты абаттандыру, «Балауса» бөбекжайының ғимаратын үлкейту сияқты бірқатар шара бар.

Есеп кезінде аудан әкімі Азамат Сафималиев мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша балабақша салу жобасы қолға алынғанын айтты. 50 балаға арналған балабақша Тегісшіл елді мекенінде салынады. Бұл үшін жергілікті кәсіпкер Есқайыр Елемесовпен меморандумға қол қойылды. Аталған жоба жүзеге асқан жағдайда тегісшілдік балалар мектепке дейінгі тәрбиемен толықтай қамтылады.

Айта кетейік, сонымен бірге Жәнібек ауылындағы  орталық алаңды қайта құру жоспарда екен.

zhaikpress.kz

Суреттер Айбатыр Нұраштікі

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале