«Қазгидрометтің» БҚО филиалы метеорологтары ауа райы жауын-шашынсыз болатынын, алайда тұман ертеңге дейін сейілмеуі мүмкін екенін айтады. Олардың айтуынша, қазір далада көріну қашықтығы 200 метр, қала іші мен әуежайда 500 метр.
Ауа райына байланысты Алматы мен Астанадан Оралға ұшатын ұшақтар кейінге қалдырылды. Алматыдан Оралға «Эйр Астана» компаниясының ұшағы сағат 08.05-те ұшуы тиіс болатын. Оның ұшуы алдымен сағат 09.30-ға, кейін сағат 11.30-ға қалдырылды. Сол секілді Астанадан Оралға 06.50-де ұшуы тиіс осы әуе компаниясының ұшағы да кідіртілуде. Аталмыш компания қызметкерлерінің айтуынша, Оралда тұман болғандықтан, осындай жағдай орын алып отыр.
Нұрлыбек Рахман,
zhaikpress.kz