21.02.2018, 16:26
Оқылды: 187

Үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ дерекқорында болуы керек

ҮЕҰ дерекқоры туралы жиі қойылатын

сұрақтар және олардың жауабы

1) ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз не?

ҮЕҰ Дерекқоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор.

 

2) Қай мемлекеттік орган ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру бойынша уәкілетті орган болып табылады?

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

 

3) ҮЕҰ Дерекқорына кімдер мәліметтер беру керек?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынады.

Қазіргі уақытта Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен аталған нормаға ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беретін коммерциялық емес ұйымдарды нақтылау жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

4) Жақында, ҮЕҰ дерекқорына үкіметтік емес ұйымдар өз мәліметтерін ұсыну туралы жаңа қағидалар әзірленгені белгілі болды. Қағидаларға өзгерту енгізу туралы шешім немен байланысты?

Жаңа Қағида уәкілетті органға мәліметтер ұсынуды жеңілдету мақсатында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің пікірін ескере отырып, әзірленді.Мәліметтерді ұсыну нысаны жеңілдетілді –кейбір тармақтар алынып тасталды және нақтыланды, толтыруға ыңғайлы болу үшін кестелерге бөлінді (құрылтай құжаттарын, бухгалтерлік баланстарды, ұсынуды талап ететін нормалар, кірістер мен шығыстарға қатысты тармақтар салық есептілік нысанына сәйкес келтірілді, бұл мәлімет ұсынуды жеңілдетеді).

 

5) ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қашан беру керек?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді жыл сайын, есептік мерзімнен кейінгі әр жылдың 31 наурызына дейін беру қажет.

 

6) ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қандай нысан бойынша беру керек?

Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларға (Мәдениет және спорт министрінің 19.02.2016 ж. № 51 бұйрығы) қосымша берілген нысанға (https://infonpo.kz/wp-content/uploads/2018/01/%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%B7-%E2%84%96175-%D0%BD%D0%B0-%D1%80%D1%83%D1%81.pdf) сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

 

7)ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді қалай беру керек?

Мәліметтер:

- пошта немесе электронды тасушылар арқылы қолма-қолқағаз және электронды түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) 2018 жылы 31 наурызға дейін;

- ҮЕҰ Дерекқордың (http://infonpo.kz) интернет-порталы арқылыұсынылады.

 

8) ҮЕҰ дерекқорына веб-портал арқылы, яғни электронды түрде мәліметтерді ұсыну мүмкіндігі сақталды ма?

Иә, бұл мүмкіндік сақталды. Мәліметтерді электронды түрде ұсыну үшін ҮЕҰ дерекқоры infonpo.kz веб-порталы қызмет атқарады.Веб-порталды тіркелу/авторизациялау үшін заңды тұлғаға электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) қажет. ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын бөлімшесіне өтінім бере аласыз.

ҮЕҰ дерекқоры http://infonpo.kz интернет-порталына кірген кездеҮЕҰ пайдаланушы нұсқаулығымен таныса алады,онда алгоритм бойынша порталмен жұмыс істеу үшін әр қадамы көрсетілген.

 

9) Қағаз түріндегі мәліметтерді пошта арқылы қай мекенжайға жолдау керек?

Уәкілетті органға үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну кезінде, үкіметтік емес ұйымдар пошта арқылы немесе қолма-қол ілеспе хатпен өзінің қызметі туралы мәліметті мына мекенжайға жолдайды:010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

 

10) Есеп беру нысанын толтыру жөнінде ұсынымдар бар ма?

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар infonpo.kz (https://infonpo.kz/wp-content/uploads/2017/09/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B4.-%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%BC.-%D0%91%D0%94-%D0%9D%D0%9F%D0%9E_175.pdf) сайтында орналасқан:

 

11) Биылғы жылы үкіметтік емес ұйымдар өз мәліметтерін былтыр тапсырса биыл тапсыруға міндетті ме?

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өз қызметі туралы мәліметтерін уәкілетті органға жыл сайын тапсырады.

 

12) Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерімәліметтерді ҮЕҰ дерекқорында ұсынуға міндетті ме?

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері өзінің қызметтері туралы мәліметтерді өздері ұсынбайды. Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі туралы мәліметтерді «бас ұйым» ұсынады.

Үкіметтік емес ұйымдарөз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері бар (филиалдаржәне өкіледіктер) үкіметтік емес ұйымдар филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметті ұсынуы тиіс.

Егер «бас ұйым» барлық филиалдар туралы ақпарат, оның ішінде филиалдар немесе өкілдіктер ағымдағы жылыіске асырған және асырылатын жобалар туралы мәліметтерді ұсынбаса, ондамәліметтер толық деп есептелмейді және ҮЕҰ ДҚ-ға енгізілмейді.

 

13) ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді беру мерзімінен кейін құрылған, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәлімет ҮЕҰ дерекқорына енгізіле ме? Мысалға, ұйым 2018 жылы 10 сәуірде құрылды.

Егер келесі есепті кезеңнің басына дейін мәліметті ұсынған жағдайда, ұйым (ҮЕҰ дерекқорына мәліметті есепті кезеңнен кейін құрылған)ҮЕҰ дерекқорына енгізіледі.

 

14) ҮЕҰ-ның ҮЕҰ дерекқорында болуын қалай білуге болады?

ҮЕҰ дерекқорына мәліметті ұсынатынҮЕҰ-ның тізбесі infonpo.kz сайтында орналасқан. Бұл тізбе түсуіне қарай жаңарып отырады.

 

15) Мәліметтерді ұсынбау немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну үшін қандай шаралар қарастырылған?

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.                                                                                                                                                                                                                                                 16) ҮЕҰ-дар ҮЕҰ дерекқорында болған жағдайда, қандай артықшылыққа ие болады?

ҮЕҰ дерекқорында болуыұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға, сонымен бірге ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін міндеттіболып табылады.

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы№ 648 бұйрығымен бекітілгенжәне 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы, 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

 

17) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтерді ұсыну рәсімі жетілдіріліп отыра ма?

Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігі ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер беру рәсімдерін жеңілдету бойынша  жұмысты жалғастыруда. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен «ҮЕҰ дерекқоры» ақпараттық жүйесін біріктіру бойынша мәселе пысықталуды, бұл ҮЕҰ-ға ұйымдар қызметіне қатысты ақпаратты жыл сайын жаңартуға мүмкіндік береді.

 

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале