16.03.2018, 15:26
Оқылды: 93

Зеленовта «Алас» күні тойланды

 

DSC_0046Көріс айт басталғалы переметныйлықтар бос уақытын орталық алаңда өткізуді дәстүрге айналдырғандай. Ұлттық киім киіп, ән салған әншілердің өнерін тамашалап, киіз үйден ұлттық тағамнан ауыз тиюге асыққан тұрғындар бүгін Көріс айтының үшінші күні «Алас» күнін атап өтуде.

Күн сайын мерекенің сәні кіріп, тойлауға асыққан жұрттың қарасы да молайып келеді. Бір-біріне құшақ жая амандасып, саулық тілескен тұрғындар күннің қолайсыздығына қарамастан ауыл, көше мен үй-үйді аластады. Одан соң арқан тартып, гір тасын  көтерген жігіттерге қолдау білдірген ағайын арқа-жарқа болды. Жеңілгендерге де, жеңгендерге де бәйге берген ұйымдастырушылар дала қызықтырының сәнін осылай арттырды.

DSC_0062Арнайы тігілген киіз үй ішінде әр тұрғынға қонағасы беріліп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздан көріністер қойылса, жас жігіттер қыздарға селт еткізер сыйлықтарын ұсынып жатты. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қуанышқа кенелген мерекені халықпен бірге өткізген аудан әкімі Асхат Шахаров: - Ескіміз жаңарып, өшкеніміздің тірілгені осы.  Көріс айты мен Наурызға дейінгі 9 күн болатын той халық үшін жасалып жатыр. Бұл мерекенің мақсаты еліміздегі ауызбіршілікті нығайтып, бірлігімізді бекіте түсу. Айттан, айтқа дейін аман-есен жете берейік,-деп жиналғандарға ақ тілегін арнады.

Халыққа жөнін айтып, жол сілтеуші қариялар жағы мереке сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

DSC_0066 DSC_0087 DSC_0099 DSC_0125

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале