«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін түнде, 28-і тәулікте Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ болады.
Ал Орал қаласы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейіп, жауын-шашын, тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.
Төтенше жағдай қаупі төнгенде БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарласуға болады: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.
zhaikpress.kz